Жарнама
Жарнама

Нұрқожа Қайпанов Асу Алмабаевпен бірге жаттығуды бастады

Редактор
Бүгін, 15:19

Оған қоса белгілі ресейлік маман Эдуард Базров бой көрсетті

Әлеуметтік желі

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаевпен бірге жаттығу өткізді.

UFC жауынгері Алмабаев желідегі парақшасында дайындық барысынан фотосурет жариялады. Аталған жаттығу жиындары «Тау самалы» демалыс аймағында өтіп жатыр.

«Біз оқу-жаттығу жиындарын бастадық», - деп жазылған жазбада.

Сонымен бірге, олардың қатарында белгілі ресейлік маман Эдуард Базровтың бірге жүргені мәлім болды.

Нұрқожа Қайпанов Париж Олимпиадасынан кейін Будапеште олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында 70 келіде топ жарды. Ал 2025 жылы 74 келіде Азия чемпионы атанса (Амман, Йордания), қыркүйек айында Хорватия астанасы Загребте өткен әлем біріншілігінде 70 келіде қола медальға ие болған.

Реклама
Реклама