Елдос Сметов Ташкентте өтетін Гранд Слэм турнирінде белдеседі

Редактор
08.02.2024, 15:48

Танымал дзюдошы әлемдік рейтингте 30-орынға түсіп кеткен

olympic.kz

Наурыз айының 1-3 күндері аралығында Ташкентте дзюдодан Grand Slam турнирінде Қазақстан дзюдошылары бақ сынайды. Бұл жарысқа Париж турнирінде күрескен отандық татами шеберлері аттанбақ.

Olympic.kz сайтының жазуынша, бас бапкер аталған сынға қатысатын Қазақстан құрамасының тізімін жариялаған. Олардың қатарында Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов (73 келі), Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев (81 келі), Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков (90 келі),  Бекзат Шағатаев, Нұрлыхан Шархан (100 келі), Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай (+100 келі) сынды балуандар бар.

Қазақстан құрамасы өткен жылдың соңында Токио Grand Slam турниріне қатысып жүлдесіз қалған болатын. Жыл басында Португалия Гран Приінде белдескен балуандарымыздың арасында әйелдер құрамасынан Абиба Әбужақынова ғана қола медаль еншіледі.

Ал 2-4 ақпан күндері өткен Париж Grand Slam турнирінде отандық балуандар тағы да жалғыз қоламен елге оралды.

Материалда: