Жәмилә Бақбергенова Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды

Редактор
01.02.2026, 22:31

Қазақстан қоржынына тағы екі жүлде түсті

instagram.com/kazwrestling_official

Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин атындағы халықаралық турнирде әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды.

2026 жылдың алғашқы ресми халықаралық бәсекесінде 72 келі салмақта белдескен Жәмилә Бақбергенова қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, Қазақстан қоржынына тағы екі жүлде түсті. 55 келі салмақ дәрежесінде Лаура Алмағанбетова, ал 59 келіде Виктория Хусаинова күміс медаль иеленді.

Айта кетейік, Иван Ярыгин турнирі – әлемдік күрестегі ең беделді жарыстардың бірі саналады.

Реклама
Реклама