Қысқы Олимпиада: италиялық биатлоншы допинг дауына ілікті

Редактор
02.02.2026, 22:00

Ол уақытша шеттетілді.

Shutterstock

Италияның биатлон құрамасының спортшысы Ребекка Пасслердің допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті.

Бәсекеден тыс кезеңде алынған талдаулар барысында спортшының ағзасынан летрозол атты тыйым салынған зат анықталған. La Repubblica басылымының мәліметінше, бұл препарат көбіне анаболикалық заттардан кейін эстроген деңгейін төмендету үшін, сондай-ақ сүт безі қатерлі ісігін емдеуде қолданылатын гормоналды терапияда пайдаланылады.

Бұл – Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтетін қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында олимпиадалық құрамалар арасында тіркелген алғашқы допинг дерегі.

Биатлоннан Италияның әйелдер құрамасы өз жерінде өтетін Олимпиадада мына құраммен бақ сынауы тиіс: Доротея Вирер, Лиза Виттоцци, Ханна Аухенталлер және Микела Каррара. Ал жарыстардан уақытша шеттетілген Пассллердің орнына Самуэла Комола шақырылуы мүмкін.

Еске салайық, қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді.

Реклама
Реклама