Қысқы Олимпиада-2038: Швейцариядан басқа үміткер жоқ

Редактор
04.02.2026, 18:21

ХОК басқа үміткерлерді іздеуге кірісуі мүмкін

Владимир Смирнов / ITAR-TASS / ТАСС

Миланда өтіп жатқан Олимпиада алдындағы сессия барысында Халықаралық Олимпиада комитетінің Қысқы ойындарды қабылдайтын елді таңдау комиссиясының басшысы Карл Штосс 2038 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізуге қызығушылық танытқан жалғыз ел ретінде Швейцарияны атады.

Оның сөзінше, Швейцария ХОК-пен Олимпиаданы өткізу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Мұндай арнайы келіссөз форматы Швейцарияға ХОК талаптарын толық орындаған жағдайда, басқа елдермен бәсекесіз-ақ Олимпиаданы өткізу құқығын алуға мүмкіндік береді.

Талаптардың ішінде мемлекеттік және саяси қолдаудың кепілдігі де бар. Карл Штосстың сөзінше, нысаналы диалог 2026 жылдың желтоқсанында ХОК атқару комитетінің отырысында басталуы мүмкін. Егер 2027 жылдың соңына дейін келісім жасалмаса, ХОК басқа үміткерлерді іздеуге кіріседі.

Алдын ала жоспар бойынша, 2038 жылғы Қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты Лозаннада ХОК штаб-пәтері орналасқан қалада, ал жабылу рәсімі Берн қаласында өтуі болжанып отыр.

Айта кететін жайт, Швейцария бұған дейін Қысқы Олимпиада ойындарын 1928 және 1948 жылдары өткізген. Төртжылдықтың басты ойныдары елдің Санкт-Мориц қаласында өткен.

Реклама
Реклама

Материалда: