Париж Гранд Слэмінде 500-ден астам балуан белдеседі

Редактор
04.02.2026, 15:28

81 мемлекеттің ұлттық құрамасы қатысатын болды

IJF

 

Дзюдодан 7-8 ақпан күндері аралығында Парижде өтетін Гранд Слэм бәсекесіне 81 мемлекеттің ұлттық құрамасы қатысатын болды.

Аталған бәсекеде ерлерден 7 салмақ дәрежесі бойынша 322 балуан белдессе, әйелдерден 197 балуан Париж татамиінде күш сынасады.

Оның ішінде 60 келіде - 41, 66 кг - 51, 73 кг - 54, 81 кг - 53, 90 кг - 46, -100 кг - 44, +100 келіде 34 балуан өзара мықтыны анықтамақ. Әйелдер санатында 48 келіде - 24, 52 кг - 32, 57 кг - 25, 63 кг - 23, 70 кг - 37, -78 кг - 31 балуан белдессе, +78 келіде 25 балуан татамиге шығады деп күтіліп отыр.

Айта кететін жайт, Әзірбайжан құрамасынан Олимпиада чемпиондары Хейдаят Гейдаров (73 кг) пен Зелим Коцоев (-100 кг) турнирге қатысады деп айтылғанымен, жарыс таяғанда олардың бұл сыннан тыс қалатыны белгілі болды. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Абиба Әбужақынова бұл сынға қатысатындардың тізіміне енбей қалды. Сондай-ақ, Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Париж турнирінде үздіктер қатарына еніп отыр.

Бұдан бөлек, Жапония құрамасында Олимпиада чемпиондарды жарысқа қатыспайды.

 

Реклама
Реклама

Материалда: