Қазақстан шаңғышлары Олимпиадада 70 адам қатысқан жарыста соңғы жағында келді

Редактор
07.02.2026, 19:02

Бүгін жарыс жолына барлығы 70 атлет шыққан.

ҰОК

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиадада шаңғы жарысынан алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды.

Әйелдер арасында скиатлон бағдарламасында (10 км+10 км) екі отандасымыз сынға түсті. Бүгін жарыс жолына барлығы 70 атлет шыққан. Жерлестеріміз алғашқы 50 спортшының қатарына да кірмеді. Атап айтсақ, Ксения Шалыгина мәреге 53-ші болып жетсе, Надежда Степашкина 60-сатыға жайғасты. 

Бұл дисциплинада спортшылар алғашқы 10 шақырымды классикалық стильде жүріп өтеді. Ал қалған бөлікті пит-стопта шаңғы ауыстырып, еркін мәнерде бағындырады.

Бүгінгі жүлдегерлер мынадай, скиатлон: 

1. Фрида Карлссон (Швеция)

2. Эбба Андерссон (Швеция) 

3. Хейди Венг (Норвегия) 

Енді ертең Астана уақытымен сағат 13:15-те ерлер арасында скиатлон (10 км+10 км) жарысы басталады. Айта кетейік, шаңғы жарысынан осы Олимпиадада 12 жүлде жиынтығы (ерлер 6, әйелдер 6) сарапқа салынады. 

XXV қысқы Олимпиада ойындары 22 ақпанда мәресіне жетеді.

Реклама
Реклама