Қазақстан дзюдошысы Париж Гранд Слэмінде жүлде алды

Редактор
07.02.2026, 22:21

Ол Куба балуаны Жонатан Шаронды жеңді

ҰОК

Парижде бүгін басталған Гранд Слэм турнирінде Қазақстан дзюдошысы Аман Бақытжан қола жүлдегер атанды.

Ол үшінші орын үшін белдесуде Куба балуаны Жонатан Шаронды жеңіп, жыл басындағы маңызды жарыста медаль иеленді.

Отандық татами шебері 60 келіде сынға түсіп, Гранд Слэм бәсекесінде 5 белдесу өткізді. Алғашқы айналымды бос өткізген Аман Франция, Бразилия, Словения балуандарын жеңді. Ал жартылай финалда Украина өкілі Дилшод Халматовпен кездесіп, қосымша уақытта жол берді.

Сондай-ақ, 60 келіде күрескен қазақстандық Шерзод Давлатов, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев алғашқы айналымда сүрінді. Ал 73 келіде Есет Қуанов ширек финалға дейін жетіп, жұбаныш белдесуінде тәжік спортшысына вазари ұпайымен жол берді. Аталған салмақтағы тағы бір отандық спортшы Дастан Шаяхметов 1/8 финалға дейін жете алды.

Реклама
Реклама

Материалда: