Миландағы олимпиада: Конькимен жүгіруден Қазақстан жүлдесіз қалды

Редактор
07.02.2026, 22:46

Бұл бағдарламада Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетті

ҰОК

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 3000 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынды.

Бұл бағдарламада Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетті. Екеуі де үздік ондықтың қатарына енді.

Надежда Морозова 4:01.200 уақыт көрсеткішімен алтыншы болып мәреге жетті. Ал Елизавета Голубева 4:03.300 уақыт көрсеткішімен оныншы орынға тұрақтады.

Италиялық Франческа Лолобриджида Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды - 3:54.280. Екінші орынды норвегиялық Рагне Виклунд (3:56.540) иеленді. Ал канадалық Валери Мальте (3:56.930) үшінші болып мәреге жетті.

Реклама
Реклама

Материалда: