Жарнама
Жарнама

Линц Гран-приі: Қазақстан құрамасының қос балуаны өзара жүлде үшін күреседі

Редактор
06.03.2026, 19:50

Жарыс Аустрияда өтіп жатыр.

ҚР ҰОК

Аустрияның Линц қаласында дзюдодан өтіп жақтан Гран-при турнирінде қазақстандық қос балуан қола жүлде үшін өзара сынға түседі. 

60 келіде Аман Бақытжан мен Шерзод Давлатов бүгін жүлде үшін татамиге шығады. Аман Бақытжан Бақытжан іріктеу кезеңінде Аустрия, Бразилия балуандаорын жеңіп, ширек финалда Франция өкіліне жол берді. Ал жұбаныш белдесуінде Әзірбайжан балуанынан айласын асырды. Шерзод Давлатов Словения, Израиль және Жапония балуадарын жеңіп, жартылай финалға өтті. Алайда финалға шығар жолда украиналық Дилшод Халматовқа жол берді. 

Сонымен бірге, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға дейін барды. Париж Олимпиадасының қола жүлдегері  IJF, Италия және Грузия балуандарынан басым түсті. Жартылай финалда Бразилия өкілінен жеңіліп, енді қола жүлде үшін Испания балуанымен күреседі. 

Аталған салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық балуан Нарбаев бірінші айналымда Мексика спортшысын қапы қалдырды. Ал екінші айналымда Испания балуаны Гарсия Торнеге қарсы қауқар таныта алмады. 

Сондай-ақ әлем біріншілігінің үш дүркін жүлдегері Абиба Әбужақынова қола жүлде үшін белдеседі. Ол ширек финалға дейін жетіп, жұбаныш белдесуінде Чили балуанын жеңді. Енді жүлде үшін күресте Нидерланд балуанымен өзара мықтыны анықтайды.

Реклама
Реклама