Жарнама
Жарнама

«Семей» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыға алмады

Редактор
06.03.2026, 22:39

Клуб қолында тұрған жеңісті ұстап қала алмады.

“Семей” футзал клубы

Футзалдан Қазақстан чемпионы «Семей» клубы Чемпиондар лигасының ширек финалында франциялық «Этуаль» командасына есе жіберіп, турнирмен қоштасты.

Қарымта кездесу Семей қаласында өтіп, қонақтардың жеңісімен аяқталды - 3:2. Матч барысында қазақстандық клуб 2:0 есебімен алға шыққанымен, басымдықты ұстап тұра алмай, жеңіліс тапты.

Алаң иелері сапынан Марсело кездесудің 2-минутында есеп ашса, 27-минутта Камиль Герейханов екінші голды салды. Ал қонақтар сапынан алдымен Уассини Гирьо (32-минут) мергендік танытса, Биляль Баккали (33 және 40-минуттар) дубль авторы атанды.

Айта кетейік, Францияда өткен алғашқы ойында да «Семей» қарсыласына есе жіберген еді - 4:5. Осылайша екі матч қорытындысы бойынша (6:8) қазақстандық клуб Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады.

Биылғы Чемпиондар лигасында Қазақстан атынан тағы бір команда - алматылық «Қайрат»өнер көрсетіп жатыр. Олар 7 наурызға қараған түні сырт алаңда испаниялық «Картахена»клубымен кездеседі. Ширек финалдың алғашқы матчында алматылықтар 1:2 есебімен жеңіліп қалған.

Реклама
Реклама