Жарнама
Жарнама

Қазақстандық жас балуан Аустриядағы жарыстың финалына шықты

Редактор
07.03.2026, 19:20

Финалда Әділет Алмат Әзірбайжан өкілі Вусал Галандарзадемен алтын медаль үшін белдеседі.

ijf.org

Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при турнирінде қазақстандық спортшы Әділет Алмат (-81 кг) финалға жолдама алды.

Жартылай финалда 21 жастағы қазақстандық дзюдошы сербиялық Василий Гружичичпен татамиде кездесіп, қарсыласын жеңіп шықты. Осылайша ол жарыстың шешуші кезеңіне өтті.

Финалда Әділет Алмат Әзірбайжан өкілі Вусал Галандарзадемен алтын медаль үшін белдеседі.

Қазақстандық спортшы финалға дейін бірнеше мықты қарсыласты жеңді. Оның турнирдегі жолы төмендегідей болды:

  • 1/32 финал: Киприан Грибинет (Молдова) – жеңіс
  • 1/16 финал: Габриэль Фалькао (Бразилия) – жеңіс
  • 1/8 финал: Саад Дикаев (Эстония) – жеңіс
  • 1/4 финал: Омар Ражабли (Әзірбайжан) – жеңіс
  • 1/2 финал: Василий Гружичич (Сербия) – жеңіс

Айта кетейік, Әділет Алмат үшін бұл ересектер арасындағы Гран-при санатындағы екінші жарыс. Ол бұған дейін Berlin Junior European Cup 2024 турнирінің жеңімпазы атанып, La Nucia European Open 2025 жарысында да топ жарған.

Қазіргі уақытта қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингте 111-орында тұр. Оның еншісінде 352 рейтингтік ұпай бар.

Еске сала кетейік, дзюдодан Линцтегі Гран-при турнирі 6-8 наурыз аралығында өтіп жатыр.

 

Реклама
Реклама

Материалда: