Жарнама
Жарнама

Жас қазақ спортшысы фристайл-акробатикадан Еуропада топ жарды

Редактор
07.03.2026, 19:36

Айролодағы кезең 8 наурызға дейін жалғасады

Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан ең жас отандасымыз Асылхан Асан Еуропа кубогында топ жарды

​Бүгін Швейцарияның Айроло елді-мекенінде фристайл-акробатикадан Еуропа кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жуырда XXV қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынаған ұлттық құрама спортшысы Асылхан Асан жоғары шеберлік танытып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Ол финалда 99.84 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті.

​Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштік келесідей:
Асылхан Асан (Қазақстан) 99.84 ұпай;
Роман Бондарчук (Украина) 99.45 ұпай;
Эллиот Примо (Канада) 93.76 ұпай.

Айта кетейік, Айролодағы кезең 8 наурызға дейін жалғасады.
 

Реклама
Реклама