Жарнама
Жарнама

Сметовтің басты қарасыласы Такато спорттық мансабын аяқтады

Редактор
Бүгін, 18:05
Getty Images

Жапониялық әйгілі дзюдошы, Токио Олимпиадасының чемпионы Наохиса Такато кәсіби спорттағы мансабын ресми түрде аяқтады.

Спортшы 2025 жылдың күзінде өткен Кодокан кубогында өз мансабында соңғы рет күрескен еді. Алайда сәтсіздіктен кейін ол татамиге оралған жоқ.

Белгілі балуан спорттық жолында көптеген ірі жетістіктерге қол жеткізді. Ол Токио Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алса, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қола жүлдегер атанған. Сонымен қатар, төрт дүркін әлем чемпионы болып (2013, 2017, 2018, 2022), бір рет Азия чемпионы (2021 ж) атағын иеленді. Бұдан бөлек, IJF сериясындағы турнирлерде 16 алтын медаль жеңіп алған.

Такато дзюдодан 60 келіде әлем бойынша ең табысты спортшы болып саналады. Ол қазақстандық Елдос Сметовпен жастар санатынан ересектер сапына дейін түрлі жарыстарда қатар күресті. Айта кететін жайт, Париж Олимпиадасында Сметов чемпион атанған соң Такато мәлімдеме жасап, балуанына маңызды жарыс алдында су жаңа екі кимоно сыйлағанын алға тартқан еді. Кейін бұл деректі Елдос Сметов растап, татамидегі қарымды қарсыласының көместескенін атады.

Реклама
Реклама