Тунисте жастар арасында өткен турнирде Қазақстан 2 алтын медаль жеңіп алды

Редактор
12.02.2024, 15:55

Тағы екі палуан қола медаль үшін тартыста жеңіліп қалды

Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан Тunis African Open 2024 турниріне қатысқан Қазақстанның жас балуандары барлығы 4 медаль олжалады деп хабарлады 1bol.kz. Оның екеуі алтын, екеуі қола медаль.

Атап айтқанда, 60 келіде белдескен Данияр Есенғұлов пен 66 келідегі Нұрмұхамед Ботабай жеңімпаз атанды. Ал 66 келідегі тағы бір балуанымыз Артем Штурбабин мен Ержанат Уәли 73 келіде қола медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ, бұл сында 90 келіде Уәли Алтаев пен аса ауыр салмақта Сержан Алпанов қола медаль үшін белдесуде есе жіберді.

Материалда: