Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Редактор
13.02.2024, 10:49

Жарысқа 20-ға толмаған спортшылар қатысады

Архив: Туризм және спорт министрлігі

Астана қаласында 10-13 наурыз күндері аралығында Олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтеді. 

Дәстүрлі жарыс белдесулері 11 наурыз күні басталады.

Мәскеу Олимпиадасында 48 келіде жеңімпаз атанған Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Күрес түрлері бойынша қазақтан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Әлем чемпионы, Кеңес одағы біріншілігінің екі дүркін чемпионы.