«Алға үлкен мақсат қойдым». Қазақ тілін үйреніп жүрген Илья Ильин жоспарымен бөлісті

Редактор
20.10.2023, 14:54

Чемпион Астанада тұрып жатыр

Instagram

Ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы Илья Ильин өзімен бірге әйелінің де қазақша айтқан үйреніп жүргенін айтты. Екеуі де мемлекеттік тілді түсінеді. Енді сөйлеуді дағдыға айналдырмақ. 

Әлеуметтік желіде бейнежазба жариялаған ауыратлет күз көрінісін қазақша сипаттады.

«Сәлем достар! Баршаға қайырлы күн! Бүгін мен үшін өте куанышты күн! Астанада алтын күз. Иә, жаным! Ол (әйелі – авт.) бәрін қазақша түсінеді», - деді спортшы өз бейнежазбасында.

Сондай-ақ, Илья Ильин қазақ тілін үйренуде тапсырма алып, оны орындап жүргенін де айтты. Осы ретте барша қолдаушыларына жүрекжарды алғысын да жеткізіп үлгерді.

«Бүгін маған сабақ болды. Мұғалім қазақша тапсырма берді. Достар! Сендерге көп рахмет! Қолдауларыңыздан кейін оқып жүрмін. Қазір қазақ тілін үйреніп жүрген жайым бар. Себебі, мен алға үлкен мақсат қойдым. Сонымен бірге ағылшын тілін де үйренудемін», - деді ол.

Ауыр атлетикадан екі Олимпиадада топ жарып, кейін допинг дауына ілінген спортшы бірнеше жыл бұрын иеленген қос алтын медальін кері қайтарған еді. Алайда, кейін ол үлкен спорттан шеттетіліп, қайта оралғанда өз биігінен көрінеді алмады. Қызылорда облысында мұз сарайының директоры болып аз уақыт қызмет атқарған Илья Ильин былтыр екінші рет отау құрып, Астанаға қоныс аударған еді.

Материалда: