Қазақстандық самбошылар Сауд Арабиядан 7 медаль жеңіп алды

Редактор
23.10.2023, 16:32

Қоржында бір алтын, екі күміс, төрт қола медаль бар

Фото ашық дереккөзден

Сауд Арабиясының астанасы әр-Риадта Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары басталды. Дүбірлі додаға Қазақстан командасы да қатысып жатыр. 

Жарыстың алғашқы күндері самбодан медальдар жиынтығы сарапқа салынған болатын. Ұлттық командамыз сәтті өнер көрсетіп, 7 медаль жеңіп алды. Ауыр салмақтағы Темірлан Көлбай алтын иеленсе, Асқар Абдулла күміс тақты. Қола жүлдеге Сағыныш Әліпбай, Еламан Қойшыбаев мен Әділбек Сейісов қол жеткізді. Бұдан бөлек, аралас командалық сында Еламан Қойшыбаев пен Асылжан Орынбасарова 2-орын иеленді.

Материалда: