Жарнама
Жарнама

Тбилисиде өтетін Grand Slam-ға қатысатын дзюдошылар анықталды

Редактор
16.03.2026, 22:10

Қазіргі таңда жарысқа әлемнің 55 елінен 450-ден астам дзюдошы қатысуға өтінім берген.

Дзюдо федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының Тбилисиде (Грузия) өтетін дзюдодан беделді Grand Slam турниріне қатысатын спортшылары белгілі болды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан құрамасының құрамы төмендегідей:

60 кг дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
66 кг дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 кг дейін: Аңсарбек Гайнуллин, Әнуар Жұмангелдин
81 кг дейін: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді
90 кг дейін: Барақ Арқабай
100 кг дейін: Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас
100 кг жоғары: Еламан Ерғалиев

Айта кетейік, дзюдодан Grand Slam сериясындағы турнир 2026 жылдың 20-22 наурыз күндері Грузия астанасы Тбилиси қаласында өтеді.

Қазіргі таңда жарысқа әлемнің 55 елінен 450-ден астам дзюдошы қатысуға өтінім берген.

Реклама
Реклама

Материалда: