Жарнама
Жарнама

Какау алғашқы оқу-жаттығу жиындарына қатысатын құрамды жариялады

Редактор
25.03.2026, 13:48

Оқу-жаттығу жиындары Ақтауда өтеді. 

Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжанға қарсы өтетін жолдастық кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.

Жаңа бас бапкер Какау сәуір айындағы оқу-жаттығу жиынына 16 футзалшыны таңдады. Дайындық 5-15 сәуір аралығында өтеді, ал оқу-жаттығу жиындары Ақтауда ұйымдастырылатын екі жолдастық матчпен қорытындыланады. Кездесулер 13 және 15 сәуір күндеріне жоспарланған.

Құрамға үш қақпашы енді: тәжірибелі Лео Игита («Семей»), Нарун Серіков («Ақтөбе») және Дәулет Затыбеков («Тұлпар»). Алаң ойыншылары қатарында «Қайрат» көшбасшылары Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов пен Жахангир Рашит бар. Сондай-ақ «Семей» клубынан Арнольд Кнауб, Әбдірасул Әбдуманапұлы және Ержан Карменов шақырылды.

Бұған қоса, тізімге Азат Валиуллин («Аят»), Дамир Қайырбай («Каспий»), Альберт Ақбалықов («Ақтөбе»), Ақжол Дәрібай («Тұлпар»), Ағеділ Мадияров («Бәйтерек») және Ресейдің «Тюмень» клубында өнер көрсететін Александр Дерябин енді.

Айта кетейік, Какау үшін бұл – ұлттық құрамадағы екінші кезең. Ол 2013-2018 жылдары Қазақстан құрамасын жаттықтырып, команданы тарихи жетістікке жеткізген еді. Дәл сол кезеңде футзалшыларымыз Еуро-2016 турнирінде қола медаль жеңіп алып, ел тарихындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізген болатын.

Реклама
Реклама