Қазақстандық дзюдошылар Бакудегі Grand Slam турниріне қатысады

Редактор
14.02.2024, 09:05

Жарыстың жалпы жүлде қоры 154 мың АҚШ долларын құрайды

olympic.kz

16-18 ақпан күндері Бакуде дзюдодан өтетін «Үлкен дулыға» бәсекесінде ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы белгілі болды.

Аталған турнирге әлемнің 64 елінен 413 спортшы қатысады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 154 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстан құрамасынан аталған турнирде Бауыржан Нарбаев, Дәурен Сүйкенов (60 келі), Алмас Ғалымов, Сұңғат Жұбатқан (66 келі), Жансай Смағұлов, Бақытжан Абдурахманов (73 келі), Аңсарбек Ғайнуллин, Айбол Нысанәлі (81 келі), Ермахан Әнуарбеков, Мұхаммедәли Мавлидов (90 келі), Әділет Сапарғалиев, Ислам Бозбаев (100 келі), Еламан Ерғалиев, Әділ Оразбаев (+100 келі) белдеседі. 

Ал әйелдер құрамасы сапында Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева (48 кг), Толғанай Әбеуова, Балнұр Әбдешова (52 кг), Балнұр Құсақбаева (57 кг), Эсмигүл Кюлова, Зарина Сарипова (63 келі), Екатерина Токарева (70 келі), Аруна Жангельдина, Маргарита Гриценко (78 келі), Кәмила Берліқаш, Карина Такиева (+78 келі) сынды балуандар бар.

Өткен жылы аталған сында аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев қола жүлдеге қол жеткізген еді.