«Канзас-Сити» осымен екінші рет Супербоулда жеңімпаз атанды
Америкалық рэп орындаушы Дрейк Супербоул LVIII финалында кездескен «Канзас-Сити» мен «Сан-Франциско» арасындағы ойынға бәс тігіп, ақшасын екі еселеді. Әнші «Канзас-Сити» командасының жеңісіне 1 150 000 доллар ақша тіккен.
Айта кетейік, америкалық футбол чемпионатының жыл сайынғы финалы Супербоул деп аталады. Биылғы ақтық ойында «Канзас-Сити» мен «Сан-Франциско» кездескен. Матчтың негізгі бөлігі тең аяқталып, овертаймда канзастық клубтың мерейі үстем болды.
Ал, ойынның осы нәтижесінен кейін рэпер Дрейк 2,346 млн доллар ұтып алды.
Айта кетейік, Дрейк тек рэп орындауымен ғана емес, спорттық ойындарға бәс тігумен де танымал болған. Ол суперматчтарға үнемі аса ірі көлемде бәс тігіп, букмекерлік кеңселердің жарнамасын жасайды.