Жарнама
Жарнама

«Бес жасқа кіші». Абиба Әбужақынованың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды

Редактор
26.03.2026, 14:40

Желі қолданушылары жас жұпқа жылы лебіздерін білдіріп, «Олимп шыңын бірге бағындырыңдар» деген тілектерін жаудырып жатыр.

әлеуметтік желі

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова ресми түрде сырғалым атанды. Спортшы екі күн бұрын сүйіктісінің ұсынысын қабыл алғанын хабарлаған еді, ал бүгін оған дәстүрлі сырға салу рәсімі өтті.

Абиба бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жеке өміріндегі өзгерістерге қарамастан спорттық мансабын жалғастыратынын атап өтті.

«Тұрмысқа шықсам да, 2028 жылғы Жазғы Олимпиадаға қатысамын. Мен әлі де күресемін», — деп жазды ол.

Белгілі болғандай, спортшының болашақ жары – дзюдошы Ермахан Ануарбеков. Ол спортшыдан 5 жасқа кіші. Абиба 1997 жылы дүниеге келген болса, сүйіктісі 2002 жылғы. Абай облысының намысын қорғап жүр. Ермахан — Almaty Junior Asian Cup турнирінің жеңімпазы, Қазақстан Республикасының чемпионы, дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Grand Slam және Grand Prix сияқты беделді турнирлердің бірнеше дүркін қатысушысы, сондай-ақ өте перспективалы әрі мықты дзюдошы.

Желі қолданушылары жас жұпқа жылы лебіздерін білдіріп, «Олимп шыңын бірге бағындырыңдар» деген тілектерін жаудырып жатыр.

Бұл қуанышты хабарды журналист Анна Данченко да әлеуметтік желіде бөлісіп, спортшыға ізгі тілегін арнады. Оның айтуынша, Абиба спорттан кетпейді және жаттығуын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абиба Әбужақынова алдағы уақытта да халықаралық ареналарда ел намысын қорғауды көздеп отыр.

Реклама
Реклама