Жарнама
Жарнама

«Спорттан кете ме?»: Абиба Әбужақынова карьерасына қатысты мәлімдеме жасады

Редактор
Бүгін, 09:12

Бұған дейін ол жігітінің үйлену туралы ұсыныс жасағанын айтып, келісімін берген еді.

Фото: instagram.com/abiba48

Қазақстандық танымал дзюдошы Абиба Әбужакынова өзінің спорттағы болашағына қатысты маңызды мәлімдеме жасады.

Спортшы Instagram парақшасында өзінің сүйіктісімен түскен суретін жариялады. Бұған дейін ол жігітінің үйлену туралы ұсыныс жасағанын айтып, келісімін берген еді. Жаңа жарияланымында Абиба жеке өміріндегі өзгерістерге қарамастан, спорттан кетпейтінін нақты жеткізді.

«Мен әлі спорттан кеткен жоқпын, тағы 3-4 жыл күресемін, ИншаАллах. 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына барамын», - деп жазды ол сторисінде.

Айта кетейік, Абиба Әбужакынова қазіргі таңда 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Халықаралық дзюдо федерациясының рейтингінде көш бастап тұр. Оның еншісінде 2025 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдесі, сондай-ақ 2022 және 2024 жылдардағы әлем біріншіліктерінің қола медальдары бар.

Сонымен қатар, спортшы 2024 жылғы Париж Олимпиадасы барысында жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлде үшін белдесуде швециялық дзюдошы Тара Бабулфат қарсыласынан жеңілген болатын.

Осылайша, Абиба Әбужакынова жанкүйерлерін алаңдатқан сұрақтарға жауап беріп, алдағы жылдары да үлкен спортта өнер көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Реклама
Реклама