Біріншілік Чехияда өтіп жатыр.
Жапониялық Каори Сакамото Прагада мәнерлеп сырғанаудан төртінші рет әлем чемпионы атанды.
25 жастағы Сакамото еркін бағдарламада 158,97 ұпай жинап, екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 238,28 ұпай нәтижесімен көш бастап тұр.
Бұл сында екінші орынды тағы бір жапониялық спортшы Монэ Тиба (228,47 ұпай) иеленсе, үшінші орын бельгиялық Нина Пиндзарроне (215,20 ұпай) еншісіне бұйырды.
Әйелдер санаты бойынша Сакамото әлем чемпионаттарында бұған дейін үш алтын және бір күміс медаль иеленген. Сонымен қатар Олимпиада ойындарында үш күміс пен бір қола жүлде жеңіп алғаны тағы бар. Соңғы рет Италияда өткен Олимпиадада ол жекелей және командалық жарыста күміс жүлдеге қол жеткізшген еді.
Айта кететін жайт, қысқы Олимпиадада жекелей сында жеңіске жеткен америкалық Алиса Лью бұл әлем чемпионатына қатыспады. Сонымен бірге, Сакамото осы маусымнан кейін спорттық мансабын аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.