Жарнама
Жарнама

Иран спортшыларына «жау елдерге» баруға тыйым салды

Редактор
Бүгін, 17:18

Сондай-ақ, Иранның әуе кеңістігі әлі де жабық күйінде қалып отыр.

Иран / Imago

Иран билігі спортшыларға, командаларға және түрлі спорт түрлері бойынша ұлттық құрамаларға «жау» деп танылған елдерге баруға ресми түрде тыйым салды. Бұл туралы елдің Спорт министрлігінің мәлімдемесін мемлекеттік БАҚ жариялады.

Министрлік хабарламасында:

«Иран құрамалары мен клубтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтын және жау санатындағы елдерге баруына келесі хабарламаға дейін тыйым салынады», - делінген.

Мұндай шешім Азия футбол конфедерациясының Чемпиондар лигасы аясында Иранның «Трактор» клубы мен БАӘ-нің «Шабаб Әл-Ахли» командасы арасындағы Сауд Арабиясында өтуі тиіс ойынға байланысты қабылданған.

Алайда тыйым салынған елдердің нақты тізімі жарияланған жоқ.

Сондай-ақ, Иранның әуе кеңістігі әлі де жабық күйінде қалып отыр.

Бұған дейін FIFA президенті Джанни Инфантино АҚШ президенті Дональд Трамп Иран ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуы мүмкін екенін айтқанын мәлімдеген еді.

Кейін Иранның спорт министрі ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуы мүмкін емес екенін жеткізді.

Ал Дональд Трамп Иран құрамасының турнирге келуін орынсыз деп бағалап:

«Иран құрамасы әлем чемпионатына қатыса алады, бірақ олардың қауіпсіздігі үшін бұл дұрыс емес деп санаймын», - деді.

Реклама
Реклама

Материалда: