Оның қарсыласы ресейлік Александра Горячкина болды.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдың Пейя қаласында өтіп жатқан Үміткерлер турниріндегі екінші партиясын өткізді.
Екінші турда отандасымыз ресейлік Александра Горячкинамен тең түсіп, турнирдегі кезекті ұпайын еншіледі. Алғашқы турда да Асаубаева үндістандық Вайшали Рамешбабумен тең ойнаған болатын.
Алдағы кездесулерде қазақстандық шахматшыны қытайлық Чжу Цзиньэр және тағы бір Қытай өкілі Тань Чжунъимен ойын күтіп тұр.
Жалпы, Үміткерлер турнирі айналмалы жүйе бойынша екі кезеңнен тұрады. Бибісараның қарсыластары қатарында үндістандық Дивья Дешмукх, ресейлік Екатерина Лагно және украиналық Анна Музычук бар.
Турнир жеңімпазы қазіргі чемпион қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен әлем чемпионы атағы үшін таласу мүмкіндігіне ие болады.