Жарнама
Жарнама

Садулаев өзі шеттетілген жарыстар туралы айтты

Редактор
31.03.2026, 11:41

Танымал балуан 2022 жылдан бері әлем және Еуропа чемпионаттарынан шеттетілді. 

tonyrotundo.smugmug.com

Еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев 2021 жылдан бері бірнеше маңызды турнирлерден тыс қалғанын, оның ішінде әдейі қатыстырылмағаны туралы айтты.

«Мен екі Олимпиадада, алты рет әлем чемпионатында, бес Еуропа біріншілігінде жеңімпаз атандым. Бірақ, үш мәрте Еуропа чемпионатын, екі әлем чемпионатын және бір Олимпиаданы өткізіп алдым», - деді ол.

Спортшы осындай турнирлердің тарихқа бір қадам жақындау мүмкіндігі екенін алға тартты. Оның айтуынша, барлық жарыстарға кедергісіз қатысқанда аңызға айналған Александр Медведьтің жетістігін жаңартуы мүмкін еді.

«Мен аңыз балуан Медведьтің жетістігін қайталар едім… Тіпті тарихтағы ең көп жүлде иеленген балуан атануым мүмкін еді», - деді балуан.

Айта кететін жайт, Абдулрашид Садулаев 2022 жылы Ресей құрамасымен бірге әлем біріншілігінен тыс қалса, 2024 жылы Румынияда өткен Еуропа біріншілігіне қатысуға барып, кеденнен кері қайтуға мәжбүр болды. Ал 2024 жылы Бакуде өткен Олимпиадаға лицензия үлестіретін турнирге ХОК-тың шектеуі салдарынан қатыстырылмады. Сонымен бірге, Париж Олимпиадасы, 2025 жылы Словакияда өткен Еуропа біріншіліктерінде сынға түсуіне шектеу қойылды. Соған қарамастан, балуан 2024 жылы Венгрияда өткен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем біріншілігіне қатысып, 92 келіде чемпион атанған.

Реклама
Реклама