Жарнама
Жарнама

Көшбасшылар өз деңгейін тағы дәлелдеді: Қазақстан үстел теннисі чемпионатының қорытындысы

Редактор
31.03.2026, 14:55
Olimpbet Arena

Алматыда 16–22 наурыз аралығында өткен ел чемпионаты ірі сенсациялармен есте қалмағанымен, маңызды бір шындықты тағы көрсетті: ұлттық құрама көшбасшылары мен өзге ойыншылар арасындағы айырмашылық әлі де айқын.

Қорытынды және көшбасшылар
• Кирилл Герасименко турнирде күткендей басым өнер көрсетті. Жекелей сында, ерлер жұбында және аралас жұпта топ жарып, ол «алтын хет-трик» жасады. Осылайша, оның Қазақстан чемпионы атақтарының саны 12-ге жетті. Бұл көрсеткішті алдағы жылдары біреудің жаңартуы екіталай.
• Зауреш Акашева финалда ұлттық құрамадағы әріптесі Жанерке Қошқұмбаеваны жеңіп, ел чемпионы атанды. Осылайша, ол бұл атақты бесінші рет жеңіп алды.
• Өңірлер арасындағы командалық бәсекеде тепе-теңдік сақталды: ерлер арасындағы алтын Алматыға бұйырса, әйелдер арасындағы чемпиондық Қарағандыға кетті.

Даму және қолдау
Елімізде үстел теннисі қазір тек тар ауқымдағы спорт түрінен медиялық бағытта дамып келе жатқан спорт саласына айналу кезеңін бастан өткеріп жатыр. Бұл қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктерінің ғана емес, серіктестермен жүргізілген жүйелі жұмыстың да нәтижесі.

Бірнеше жылдан бері Olimpbet федерацияны қолдап келеді және спортты дамытуға нақты үлес қосу арқылы нарықтағы көшбасшылық мәртебесін жыл сайын дәлелдеп жүр. Осындай стратегиялық әріптестік турнирлерді сапалы деңгейде ұйымдастыруға және инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамытуға мүмкіндік береді. Соның арқасында бүгінде үстел теннисі елдегі ең қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің біріне айналды.

Басты мақсат — Астана-2027
Өткен жарыс 2027 жылы Астанада өтетін тарихи оқиға — әлем чемпионатына апарар жолдағы маңызды кезең болды. Ұлттық құрама көшбасшыларының сенімді ойыны Қазақстанның өз тарихындағы алғашқы үйдегі әлем чемпионатына үлкен спорттық амбициямен келіп отырғанын көрсетті. Алдағы турнир отандық үстел теннисінің жаңа даму нүктесіне айналмақ.

Реклама
Реклама

Материалда: