Жарнама
Жарнама

Марал Тәңірбергенова Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Редактор
Бүгін, 17:28

Ол 50 келіде белдескен еді. 

UWW

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Марал Тәңірбергенова қола жүлде үшін күресте есе жіберді.

50 келіде белдескен отандасымыз қытайлық Цзыци Фэнмен белдесуде мерзімінен бұрын (10:0) жеңіліп, лайықты қарсылық таныта алмады. Осылайша ол Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

Сонымен бірге бүгін Елена Шалыгина (68 кг) моңғолиялық Дэлгэрмаа Нхсайханмен, ал Гүлмарал Еркебаева (76 кг) оңтүстіккореялық Ынжу Ванмен қола жүлде үшін белдеседі.

Турнирдің төртінші жарыс күнінде бозкілемге шыққан әйелдер құрамасының бес балуанының арасында тек Тыныс Дубек қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Өкінішке қарай, Зейнеп Баянова (53 кг), Нюлифар Раимова (57 кг), Айжан Суйдуова (65 кг) мен Жәмила Бақбергенова (72 кг) іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жүлдеден тыс қалды.

Реклама
Реклама