Жарнама
Жарнама

Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасының балуандары алтынсыз қалды

Редактор
Бүгін, 17:43

Ол КХДР балуанымен кездесті.

UWW

Қырғызстан астанасында күрес түрлерінен өтіп жатқан сары құрлық біріншілігінде Тыныс Дубек жартылай финалдық белдесуде жеңілді.

62 келіде солтүстіккореялық Хён Гён Мунмен кездесуде отандасымыз әдіс жасауға талпынғанымен, көздеген нәтижеге жете алмады. Тыныс әйелдер күресінен аталған біріншілікте финалдан үміті бар ҚР ұлттық құрамасындағы соңғы балуан еді. Алайда қарсыласы белдесуде қорғана жүріп шабуылдап, есепті 11:0-ге жеткізіп, отандасымызға еш мүмкіндік қалдырмады.

Бүгін қола жүлде үшін күрескен Марал Тәңірбергенова (50 кг) бесінші орынға тұрақтаса, Зейнеп Баянова (53 кг), Нюлифар Раимова (57 кг), Айжан Суйдуова (65 кг) мен Жәмила Бақбергенова (72 кг) іріктеу кезеңінде жеңіліп, жүлдеден тыс қалды.

Бұдан бөлек, кешке Елена Шалыгина (68 кг) моңғолиялық Дэлгэрмаа Нхсайханмен, ал Гүлмарал Еркебаева (76 кг) оңтүстіккореялық Ынжу Ванмен қола жүлде үшін белдесетін болады.

Реклама
Реклама