Жарнама
Жарнама

Азия чемпионаты: Қытайдағы қазақ балуаны Бекзат Үркімбаймен белдесуден бас тартты

Бүгін, 10:43

Ол Әбусайман Хабиламен жекпе-жек өткізуі тиіс еді. 

Kadir Caliskan - United World Wrestling/Getty Images. Суретте: Әбусайман Хабила

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес бойынша белдесулер басталды.

ҚР ұлттық құрамасы сапында 97 келіде Бекзат Үркімбай алғашқы айналымда қарсыласының кездесуге шықпауына байланысты келесі кезеңге жолдама алды.

Отандық бозкілем шебері Қытай құрамасындағы этникалық қазақ балуаны Әбусайман Хабиламен күресуі тиіс болған еді. Алайда қандасымыз белгісіз себептен жарыс жолынан шығып қалды.

Енді Бекзат ширек финалда жапон спортшысы Араш Йошидамен күреседі. Күншығыс елінің өкілі әлем біріншілігінің жүлдегері (2025 ж) және Азия чемпионы.

Өкінішке қарай, 65 келіде бозкілемге шыққан Әділ Серікұлы (65 кг) іріктеу бәсекесінде есе жіберді. Ол жапониялық Такара Судаға 4:6 есебімен жол берді.

Реклама
Реклама