Жарнама
Жарнама

Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатында командалық сайыста күміс алды

Редактор
19.04.2026, 14:25

Финалда қазақстандық татами шеберлері Моңғолия құрамасымен кездесті

Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында аралас командалық жарыста күміс медаль жеңіп алды.

Финалда отандастарымыз Моңғолия құрамасына жол берді.

Жалпы командалық есеп:

1-орын – Моңғолия

2-орын – Қазақстан

3-орын – Қырғызстан, Корея

Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанған Ұлттық құрама сапында:

Дана Әбдірова (-57 кг), Ажар Асхат (-70 кг), Аида Тойшыбекова (+70 кг), Ануар Жұмагелдин (-73 кг), Айдар Арапов (-90 кг), Ғалымжан Қырықбай (+90 кг) өнер көрсетті.

Бұған дейін жекелей сайыстар қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алып, үздік ондыққа енген еді. Команда сапында жүлде алған спортшылар:

Әділет Алмат (-81 кг) төрт жылдан кейін алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Эсмигүл Куюлова (-63 кг), Аруна Жангелдина (-78 кг), Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) және Айдар Арапов (-90 кг) қола жүлдегер атанды.

Осылайша, дзюдодан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Реклама
Реклама