Жарнама
Жарнама

«Тойға шақырамыз»: Синдаровтың әжесі немересінің Бибісара Асаубаеваға үйленуі қаншалықты мүмкін екенін айтты

Редактор
19.04.2026, 12:16

Асаубаева мен Синдаровтың арасындағы байланыс қызу талқыланып жатыр

Әлеуметтік желі

Өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаровтың әжесі Жамиля Синдарова немересінің қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаевамен үйленуіне қатысты пікір білдірді.

— Қазір Бибісарамен бірге түскен суреттер көбейіп кетті. Той қашан?
— Бұл сұрақты бұған дейін де айтқанмын, әлеуметтік желіде де жаздым. Қазір олар — жай ғана дос. Тағдырды Алла шешеді. Егер Алланың жазуымен бұл қыз оның маңдайына жазылған болса, Алла қаласа, тойды да жариялап, сол күні сіздерді де шақырамыз, — деді ол.

Айта кетейік, соңғы уақытта БАҚ-та Асаубаева мен Синдаровтың арасындағы байланыс қызу талқыланып жүр. Шахматшы қыз әлеуметтік желілерде екеуінің бірге түскен суреттерін жиі жариялап отырады.

Реклама
Реклама