Жарнама
Жарнама

Жақында операция жасатқан Елдос Сметов татамиге оралды

Редактор
Бүгін, 11:59

Дзюдошы жарақатынан толық айығып, жаттығуға кірісті

әлеуметтік желі

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жарақаттан кейін жаттығуға қайта оралды. Спортшы наурыз айында денесіндегі жараны алып тастау үшін операция жасатқаны белгілі.

Күні кеше дзюдошы жарақатынан толық айығып, жаттығу процесін қайта бастағанын мәлімдеді. Спортшы алғашқы жаттығудан бейнежазба жариялап, әсерін бөлісті.

«Баршаңызға қайырлы кеш! Бүгінгі жаттығуымыз өте жақсы өтті. Жарақаттардан толық қалпына келдік. Бұл - жарақаттан кейінгі татамиге алғашқы шығуым. Жаттығудан кейінгі көңіл-күй ерекше, барынша ләззат алып жатырмын. Алда көптеген турнирлер мен жарыстар бар. Маған сенім артқан жанкүйерлеріме, отбасыма, аға-інілеріме алғысымды білдіремін. Сіздерді жеңістермен қуанту үшін бар күшімізді салып, тынымсыз еңбек етеміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын! Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін», - деді Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасы өткеннен бері шамамен екі жылға жуық уақыт бойы жарыстарға қатысқан жоқ.

Реклама
Реклама

Материалда: