Жарнама
Жарнама

Қазақстан дзюдошылары Тәжікстандағы Grand Slam-ді бір қоламен аяқтады

Редактор
Бүгін, 11:55

Нұраділ Әлжан қола медаль жеңіп алды

ҰОК

Тәжікстанның Душанбе қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды.  Ұлттық құрама балуандары бұл байрақты бәсекеде бір қола медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақта Нұраділ Әлжан жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Сондай-ақ Асқар Нарқұлов (81 келіге дейін) және Даниил Крылов (90 келіге дейін) қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды. Осылайша қос балуан жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Реклама
Реклама

Материалда: