Жарнама
Жарнама

Тоқаев стенд атудан алтын алған Әсем Орынбайды құттықтады

Редактор
06.05.2026, 20:50

Әсем Орынбай 2023 жылы да дәл осы Әлем кубогында үздік шыққан

Спортты дамыту дирекциясы

Мемлекет басшысы стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өтті. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Әсем Орынбайдың Әлем кубогі кезеңіндегі, сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы табысты өнері елімізде нысана көздеу спортының даму деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Әсем Орынбай 2023 жылы да дәл осы Әлем кубогында үздік шыққан еді. Одан бөлек, отандасымыздың еншісінде әлем чемпионатының «қола» жүлдесі және финалдық Әлем кубогы, Азия ойындары, Азия чемпионатының «алтын» жүлдесі бар.

Айта кетейік, 43 елден 300-ге жуық спортшының басын қосқан Әлем кубогы 10 мамырға дейін жалғасады.

Реклама
Реклама