Жарнама
Жарнама

«Есірткі мөлшерін асырып жіберген»: 30 жастағы танымал баскетболшы көз жұмды

Редактор
Бүгін, 08:59

Кларктың денесі табылған үйден есірткіге қатысты айғақтар шыққан

Getty Images

АҚШ-тың Ұлттық баскетбол қауымдастығында өнер көрсеткен «Мемфис» ойыншысы Брэндон Кларк 30 жасында қайтыс болды.

Канадалық баскетболшының қазасы туралы ақпаратты америкалық БАҚ таратты. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, спортшының өліміне тыйым салынған заттарды шамадан тыс қолдану себеп болуы мүмкін.

TMZ басылымының хабарлауынша, құқық қорғау органдары Кларктың денесі табылған үйден есірткіге қатысты айғақтар анықтаған. Лос-Анджелес құтқару қызметі дүйсенбі күні кешкі уақытта шұғыл шақырту бойынша оқиға орнына жеткен. Алайда дәрігерлер келген кезде баскетболшының көз жұмғаны белгілі болған. Қазір нақты өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Марқұмның агенттігі де қайғылы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

- Біз Брэндон Кларктың мезгілсіз қазасына қатты қайғырып отырмыз. Ол әрдайым айналасына жылулық сыйлайтын, достары мен жақындарына қолдау көрсетуден ешқашан бас тартпайтын жан еді. Оның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақпыз, — делінген мәлімдемеде.

Кларк ҰБЛ-дағы бүкіл мансабын Memphis Grizzlies сапында өткізді. Ол 2019 жылғы драфтта 21-нөмірмен таңдалған болатын. Соңғы маусымда жарақаттарға байланысты небәрі екі ойынға қатысқан.

Сондай-ақ сәуір айында баскетболшы Арканзас штатында жылдамдықты асырып, тыйым салынған зат сақтады деген күдікпен ұсталғаны хабарланған еді.

Реклама
Реклама

Материалда: