Жарнама
Жарнама

Сметов пен Қырғызбаев әлемдік рейтингте төмендеді

Редактор
Бүгін, 09:47

Қазақстан құрамасының көшбасшылары бірнеше сатыға сырғыды

Әлеуметтік желі

Париж Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлері халықаралық рейтингте төмендеді.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңартқан әлемдік рейтингте Қазақстан құрамасының көшбасшылары бірнеше сатыға сырғыды.

Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған Елдос Сметов Олимпиададан кейін ресми жарыстарға қатыспағандықтан, 60 келіге дейінгі салмақта алты орынға төмендеп, 29-сатыға түсті.

Сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та рейтингтегі орнын нашарлатты. Астанадағы Grand Slam додасының 1/8 финалында жеңіліс тапқан спортшы 66 келіге дейінгі салмақта үш сатыға төмендеп, қазір 18-орында тұр.

Ал әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта бесінші орнын сақтап қалды.

Реклама
Реклама