Олимпиада жүлдегері Карина Горичева ел чемпионы атанды

Редактор
19.02.2024, 11:21

Ол желтоқсанда болатын әлем чемпионатына дайындалып жатыр 

Спортты дамыту дирекциясы

Қостанай қаласында ауыр атлетикадан ел чемпионатында Рио олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева 64 келі салмақта чемпионы атанды. Ол қос жаттығудың қорытындысы бойынша 198 келіні көтерді.

Осылайша Карина Горичева жоғары деңгейде өнер көрсетіп, мықтылығын кезекті рет дәлелдей алды. 

Әйелдер, 64 кг:

1.Карина Горичева (Жетісу облысы) – 198 кг (90+108)
2.Айғаным Жанболат (Алматы облысы) – 190 кг (85+105)
3.Кира Данилова (Ақмола облысы) – 185 кг (84+101).

«Жүлде үшін тартысты жарыс болды. Ізімізді басып, өсіп келе жатқан жастардың деңгейі көзге көрініп тұр. Мен үшін биылғы басты жарыс – желтоқсанда өтетін әлем чемпионаты. Келесі Олимпиадаға дейін спортта қалам ба деген сұраққа келсек, өзімді әлі тың сезінем. Өзіме сенімдімін, алға қойған мақсатым бар», - деді Карина Горичева.

Сондай-ақ, ерлер арасында 73 келіде Қазақстан үздіктері анықталды. Бас жүлде үшін талас Әлібек Рахымберді мен былтырғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ерасыл Сәулебеков арасында өтті. Бұл жолы Әлібектің мерейі үстем болды. 

Ерлер, 73 кг:

1. Әлібек Рахымберді (Алматы қаласы) – 306 кг (131 кг+175 кг)
2. Ерасыл Сәулебеков (Қызылорда облысы) – 293 кг (128+165)
3. Бексұлтан Айтбай (Қызылорда облысы) – 279 кг (119+160).

«Жарыс өте тартысты өтті. Қарсыласымның бәрі жеңіске жетуді қалағаны сезілді. Нәтижеме көңілім толады. Биылғы жоспарым – жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жету», - деді Әлібек Рахымберді.