Қазақстан намысын 20 балуан қорғайды
Халықаралық дзюдо федерациясы Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.
19-21 маусымда өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 20 балуан қорғайды. Ұлттық құраманың тізімі төменде көрсетілген.
Ерлер
60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Мағжан Шамшадин
66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Асқар Нарқұлов
90 келіге дейін: Нұржан Бисенов, Айбол Нысанәлі
100 келіге дейін: Марат Байқамуров
Әйелдер
48 келіге дейін: Ғалия Тынбаева, Диана Бүркеева
52 келіге дейін: Аружан Ережепова
57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Дамеля Асылханова
78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.