Жарнама
Жарнама

Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова Қытайда ел намысын қорғайды

Редактор
20.05.2026, 18:13

Гран-при турниріне қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады

коллаж: 1bol.kz

Қазақстан дзюдо федерациясы Қытайдың Циндао қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасының сапына 21 дзюдошы енді. Олардың қатарында Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов пен Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар. Сондай-ақ әйелдер құрамасына әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абиба Әбужақынова қайта оралды.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Ерлер:
60 келіге дейін - Елдос Сметов, Талғат Орынбасар
66 келіге дейін - Ғұсман Қырғызбаев
73 келіге дейін - Бақытжан Абдурахманов, Ерсұлтан Дүйсенхан
81 келіге дейін - Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 келіге дейін - Айдар Арапов, Даниил Крылов
100 келіге дейін - Асқар Біржанов, Бақжан Байтас

Әйелдер:
48 келіге дейін - Абиба Әбужақынова
52 келіге дейін - Меруерт Сәрсенова
57 келіге дейін - Бақыт Құсақбаева
63 келіге дейін - Эсмигүл Куюлова
70 келіге дейін - Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова
78 келіге дейін - Аруна Жангелдина, Екатерина Токарева
78 келіден жоғары - Аида Тойшибекова, Назгүл Маратова.

Реклама
Реклама