Жарнама
Жарнама

Михаил Шайдоров Азия чемпионымен қарым-қатынасы туралы айтып берді

Редактор
Бүгін, 09:12

Шайдоров Олимпиададан кейінгі ең әсерлі сәтін еске алды

instagram.com/aislumurzagalieva

2026 жылғы Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеке өмірі туралы айтып, сүйіктісімен қарым-қатынасы спорттағы жетістіктеріне қалай әсер етіп жатқанын бөлісті.

Спортшының айтуынша, олар ұзақ уақыттан бері бірге болмаса да, спорт пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтай алған.

«Менің сүйіктім бар. Көп уақыт бірге болмасақ та, спорт пен жеке өмірді қатар алып жүруге тырысып келеміз. Ең бастысы — бірге дамып, бірге өсу», — деді Шайдоров.

Сондай-ақ ол Олимпиада кезіндегі эмоцияларын еске алып, ең жақын адамдарының қатты уайымдағанын айтты.

«Барлығы қатты алаңдады. Кейде ата-анам жарыстарымды көре алмайды — өте үлкен қысым болады. Ал Олимпиада мүлде бөлек деңгей. Айсұлумен және ата-анаммен сөйлескен кезде бәріміздің көзімізге жас келді. Себебі осы жолдың бәрінен бірге өттік», — деп бөлісті спортшы.

Айта кетейік, Михаил Шайдоровтың сүйіктісі — көркем гимнастикадан Азия чемпионы Айсұлу Мырзағалиева. Олардың қарым-қатынасы туралы ақпарат алғаш рет 2026 жылдың ақпан айында тараған еді. Кейінірек спортшы бұл мәліметті өзі де растады.

Айсұлу Мырзағалиева — Қазақстан құрамасының мүшесі. Ол 2004 жылы 7 тамызда Ресейдің Сочи қаласында дүниеге келген. 2015 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. Спортшы 2022 жылғы Азия чемпионатында шығыршықпен топтық жаттығуда алтын медаль жеңіп алып, құрлық чемпионы атанған. Сонымен қатар Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері саналады.

Реклама
Реклама