Спортшы екінші рет үйленген
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қызды болды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады.
Үлкен спортпен қоштасқаннан кейін екінші рет отау құрған ауыр атлет жыл басында екінші баланың әкесі атынып отыр.
«Сүйінші, қазақ елі! Таня екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауларыңызға болады! Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматының есімі Ильина Аили Ильинична деп аталады! Бізде жоспарлы кесарево болды, алайда бәрі жақсы өтті! Бойы 50 см, салмағы 3 кг 178 г. Бізді қолдаған баршаңызға алғысымыз шексіз! Біз сіздерді қатты жақсы көреміз!», - деп жазды Илья Ильин.
Ильин Бейжің олимпиадасынан кейін гандболдан ұлттық құрама мүшесі Наталья Ильинамен некеге тұрған болатын. Олардың үйлену тойы 2012 жылы Алматыда өткен еді. Жұлдызды жұп көп ұзамай ажырасты.
Кейін Астанаға қоныс аударған ауыратлет тағы отау құрғанын мәлімдеді.