Жарнама
Жарнама

Бибісара Асаубаева Норвегияда чемпион атанып, 36,4 млн теңге табыс тапты

Редактор
04.06.2026, 22:40
Әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан беделді Norway Chess 2026 турнирінде мерзімінен бұрын чемпион атанды.

Жарыстың 9-туры аясында ол украиналық гроссмейстер Анна Музычукпен кездесіп, негізгі партияны тең нәтижемен аяқтады. Бұл нәтиже Асаубаеваға соңғы турға дейін-ақ жалпы жеңісті қамтамасыз етуге жеткілікті болды.

Қорытынды есеп бойынша қазақстандық шахматшы 16,5 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке дара көш бастады.

Жеңімпазға үшін ұйымдастырушылар 700 000 норвегиялық крон көлемінде жүлде қарастырған. Бұл сома қазіргі айырбас бағамымен (1 NOK = 52,03 теңге) есептегенде шамамен 36,4 миллион теңгені құрайды.

Осылайша Бибісара Асаубаева турнирдің соңғы турына дейін-ақ айқын басымдықпен чемпиондық атақты иеленді.

Реклама
Реклама