Жарнама
Жарнама

Cпорттық гимнастикадан Азия чемпионатында ел намысын кім қорғайды

Редактор
Бүгін, 11:39

Азия чемпионаты 18-21 маусым аралығында өтеді

ҰОК

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Цзуньи қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын құрамды жариялады.

Құрлық біріншілігінде ел намысын келесі спортшылар қорғайды:

- Милад Карими (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, ат снарядында және кермедегі жаттығулар)
- Ильяс Азизов (көпсайыс)
- Дмитрий Патанин (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, сақиналардағы жаттығулар, қоссырық және керме)
- Роман Хегай (көпсайыс)
- Дияс Тойшыбек (ат снарядындағы жаттығулар, қоссырық және керме)
- Нуртан Идрисов (көпсайыс)

Қазіргі таңда гимнастар алдағы Азия чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңін өткізуде. Бейжіңдегі (Қытай) оқу-жаттығу жиыны барысында қазақстандық спортшылар Қытай ұлттық құрамасымен бірге дайындалуда.

Айта кетейік, алдағы Азия чемпионаты 2026 жылы өтетін Азия ойындары мен әлем чемпионатына іріктеу жарысы болып саналады. Жолдамалар командалық жарыстардың қорытындысы бойынша сарапқа салынады. Осыған байланысты бапкерлер штабы құрамды жасақтау кезінде бірнеше снарядта өнер көрсете алатын гимнастарға басымдық берді. Сол себепті жекелей снарядтарға маманданған спортшылар тізімге енгізілген жоқ.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысатын нақты құрамы құрлық біріншілігі аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Азия чемпионаты 18-21 маусым аралығында өтеді.

Реклама
Реклама