Министрлік Бибісара Асаубаеваның үндеуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады
Туризм және спорт министрлігі қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеванің Қазақстан Президентіне жолдаған үндеуінен кейін арнайы брифинг өткізіп, көтерілген мәселелерге қатысты ресми түсініктеме берді.
Вице-министр Серік Жарасбаевнің айтуынша, 2025 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес шахмат олимпиадалық спорт түрлерімен теңестірілмейді. Осыған байланысты тарифтік тор қайта қаралып, спортшылардың еңбекақысы жаңа жүйе бойынша есептеле бастаған. Нәтижесінде Асаубаеваның ай сайынғы жалақысы шамамен 1 миллион теңгеден 300 мың теңге көлеміне дейін қысқарған.
Сонымен қатар вице-министр мемлекет тарапынан шахматшыға бөлінетін қаржы көлемі азаймағанын, керісінше жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Оның мәліметінше, биыл халықаралық жарыстарға дайындалу үшін арнайы қор арқылы 100 миллион теңге бөлінген. Ал соңғы үш жылдағы жалпы қаржыландыру көлемі 243 миллион теңгеге жуықтаған.
Серік Жарасбаев бұл қаражаттың халықаралық деңгейде дайындалып, жоғары нәтижелер көрсету үшін жеткілікті екенін айтты.
Брифинг барысында Асаубаеваға берілетін ІІ дәрежелі «Барыс» ордені мәселесі де қозғалды. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, мемлекеттік награда шахматшыға 8 наурыз мерекесіне орай Ақордада табысталуы тиіс болған. Алайда спортшының халықаралық жарыстарға байланысты тығыз кестесі салдарынан салтанатты рәсімге қатысу мүмкін болмаған.
Ведомство өкілдері Бибісара Асаубаева Қазақстанға оралғаннан кейін ІІ дәрежелі «Барыс» ордені жеке түрде міндетті түрде табысталатынын жеткізді.