Арнайы сыйақы жүйесінің енгізілуі спортшылардың мотивациясын арттырады
Қазақстан күрес федерациясы халықаралық деңгейдегі жарыстарда ел намысын қорғайтын спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын ынталандыру мақсатында арнайы сыйақы жүйесін бекітті.
Енді Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттары, Азия ойындары және Азия чемпионаттарында жүлдеге ие болған қазақстандық балуандар мен олардың бапкерлері мемлекет тарапынан төленетін сыйақымен қатар, Қазақстан күрес федерациясының арнайы ақшалай сыйақысын да алады.
Бұл бастама ұлттық құраманың әлеуетін арттыруға, спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбегін лайықты бағалауға және елімізде күрес спортын одан әрі дамытуға бағытталған маңызды шешімдердің бірі саналады.
Олимпиада ойындары
Ересектер арасындағы әлем чемпионаты
Азия ойындары
Ересектер арасындағы Азия чемпионаты
Қазақстан күрес федерациясы бұл бастама еліміздің үздік балуандары мен жаттықтырушыларын қолдаудың жаңа кезеңі екенін атап өтті. Федерация алдағы уақытта да спортшылардың халықаралық ареналарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуі үшін қажетті жағдай жасап, оларды жан-жақты қолдау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
Арнайы сыйақы жүйесінің енгізілуі спортшылардың мотивациясын арттырып қана қоймай, ұлттық құраманың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге және Қазақстан күресінің халықаралық деңгейдегі жетістіктерін еселеуге ықпал етеді.