Жарнама
Жарнама

Ғұсман Қырғызбаев Циндао Гран-приінің күміс жүлдегері атанды

Редактор
Бүгін, 09:22

Финалда төрт дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэге есе жіберді

IJF

Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының мүшесі Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.

66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері финалға дейін сәтті өнер көрсетіп, шешуші белдесуде екі дүркін Олимпиада және төрт дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэге есе жіберіп, күміс медальға ие болды.

Финалға дейін Ғұсман Қырғызбаев мына қарсыластарын жеңді:

  • 1/16 финал – Турболд Тумурху (Моңғолия)
  • 1/8 финал – Джусуф Нуркович (Черногория)
  • 1/4 финал – Руслан Пашаев (Әзербайжан)
  • 1/2 финал – Рональд Лима (Бразилия)

Айта кетейік, турнирдің алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында 60 және 66 келіде, ал әйелдер арасында 48, 52 және 57 келі салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынды.

Сондай-ақ жарыстың басты оқиғаларының бірі – Елдос Сметовтің екі жылдан кейін халықаралық татамиге қайта оралуы болды. Париж Олимпиадасының чемпионы алғашқы ресми жарысын бесінші орынмен аяқтады.

Реклама
Реклама