Жарнама
Жарнама

Қазақстандық волейболшы қыз Әзербайжан клубына ауысты

Редактор
Бүгін, 10:30

Наиля Нигматулина Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі ойыншыларының бірі саналады

Әлеуметтік желі

Қазақстан ұлттық құрамасының волейболшысы Наиля Нигматулина мансабын Әзербайжанда жалғастырады. Ол Нахчыван қаласының Момине Хатун клубымен келісімшартқа қол қойды.

Наиля Нигматулина Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі ойыншыларының бірі саналады. Ол ел намысын 2022 жылғы әлем чемпионатында, Азия ойындарында, Азия чемпионатында, сондай-ақ 2024 жылғы Challenge Cup пен AVC Ұлттар кубогында қорғады.

Өткен маусымда қазақстандық волейболшы Албанияның Тирана сапында өнер көрсетіп, ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұған дейін ол Қазақстанның Ақтөбе және Қарағанды клубтарының намысын қорғаған.

Айта кетейік, Момине Хатун клубы 2024 жылы құрылған. Команда алдағы маусымда алғаш рет Әзербайжан әйелдер арасындағы Жоғары лигада өнер көрсетеді.

Реклама
Реклама

Материалда: